Жаңалықтар | Новости

Тағзым ету парыз

31 мамыр — Саяси қуғын — сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай Алматы облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЛА-155/8 мекемесінің  жеке құрамына  таяуда қызметке қабылданған жас офицерлер музейге  барды. Негізгі  мақсат — темірдей қатқан тәртіпті сақтай жүріп рухани өсу, мәдениеттілікке бой бұру,тарихи құндылықты дәріптеу болды. Әрине, мәдени контексті көруге үйрету, офицерлердің мәдени тұрғыда  дамуын  бағалау, өткен тарихты ұмытпау және  тығыз байланыс орнату, бейімдеу де ескерілді. Тарихи дәуір мен  қазіргі заманғы мәдени байланысты, қарым-қатынас түсіндірілді.

Осы тарихи құндылық Алматы облысы, Талғар ауданы, Жаңалық ауылы, Жетіген  ауылында орналасқан 1916 жылмен 1986 жылдар аралығындағы саяси-қуғын сүргінге ұшырағандардың тарихын қамтиды. Музейдің тарихы мен құндылықтарын  музей қызметшісі Р.Абдикаимова таныстырды.

Музейге көп қырлы әлем ретінде қарау, оны танып-білу үшін саяси қуғын-сүргін кезіндегі 4125 адамның тізімі жазылған залға кірген кезде бір кішкене қалашықтың түгелімен жоқ болып кеткендей сезімде болдық. Құрбандар арасында тек қана қоғам қайраткерлері емес наубайханашы, егінші, студенттер мен үй шаруасында отырған әйелдер, яғни сол кездің қоғамына қарсы шыққан жандардың тізімі бар екенін білдік. Қара тасқа қашалып жазылған есімдер келешек ұрпақ үшін тәрбиелік мәні  бар, салмақты жауапкершілік. Осыншама адам шығынының басты мақсаты- сол жылдардың  қолдан жасалған аштық, зорлық — зомбылығын  көрген  халықтың күйін бастан кешіп қазіргі Егеменді еліміздің туы еркін желбіргеніне іштей тәубешілік білдірдік.

Халықтың мұңы мен зарын жеткіземіз деп қаншама қазақ зиялылары оққа ұшты, жарлары қамауға алынды, Атап айтар болсақ А.Байтұрсынов, С.Сейфулин, І.Жансүгіров,Т.Рысқұлов сынды қазақ зиялылары зардап шегіп, ату жазасына кесілді. Сонымен қатар, жас  мамандарға ерекше әсер қалдырған абақтыға жабылған жазықсыз жандарды аштықпен қорлағаны, адамды барынша әлсіретіп, жансыздандыру мақсатынды төрт сағат карцлер ішінде қамауда ұстағаны. Тұтқындар аштықтан бір-бірінің саусақтарын тістеді деген мәліметтер жан түршігерлік жағдайды көрсетеді. Түрмедегі тұтқындардың шамадан тыс болуы «таптық күрестің шиеленісуінен» деп түсіндірілді.  Қазақ қыздарының ар-намысын қорғаймын деп өзін құрбандыққа шалған Қ.Рысқұлбековтің тарихы да жүректі ауыртты.

Толығымен жауабы табылмаған, тарихи сәттерді көз алдына әрбір қызметкер өзінше елестетті, ой түйді, жүрегі ауырды, бірақ намысты қолдан бермеген алдынғы ұрпақты мақтан тұтанымызды іштей сезіндік.

Осы бір кішкентай Жаңалық ауылындағы әруақтарға арналған ескерткішке қашанда тағзым жасап тұру біздің парызымыз.

 

Гаухар Ысқақова,

Алматы облысы бойынша

ҚАЖ департаментіне қарасты

ЛА-155/8 мекемесінің аға инспектор психологы

әділет капитаны

Комментарий