Жаңалықтар | Новости

Мемлекеттік қызмет істері департаменті Алматы қаласының мектеп түлектерімен кездесу өткізді

26 мамырда, Мемлекеттік қызмет істері Департаментінде қала мектептерінің түлектерімен кездесу өтті. Іс-шара мемлекеттік қызметке түсуді түсіндіру, бастамашыл, креативті жастарды тарту бойынша іс-шаралар циклі шеңберінде ұйымдастырылды.

Мемлекеттік қызмет басқармасының қызметкерлері А.Т.Казжанова, Г.А. Бейсембинова онлайн-режимде мемлекеттік органдарға жұмысқа орналасу кезеңдері және мемлекеттік қызметшілерге қойылатын талаптарын түсіндіріп өтті.

Түлектерді қажетті білім, мемлекеттік қызметке түсу үшін кәсіби дайындық деңгейі бойынша сұрақтар қызықтырды.

Комментарий