Жаңалықтар | Новости

Кәмелет жасқа толмағандармен жиналыс өтті

Жуырда Арал аудандық пробация қызметінің қызметкерлері,  Жастар ресурстық орталығының мамандары және жергілікті полиция қызметінің инспекторларының ұйымдастыруымен «Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы» тақырыбында  мектеп оқушыларымен, колледж студентерімен кездесу өтті. Кездесудегі мақсат: кәмелет жасқа толмаған жастардың  құқықтық сауаттылығын арттырып, құқық бұзушылық және қылмыс белгілерімен, түрлерімен, жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттерімен таныстыру.

Кездесу барысында  пробация қызметкерлері мен жергілікті полиция қызметінің ювеналды полиция қызметкерлері  кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы туралы кеңінен түсініктеме беріп, «Түнгі уақыт жүрісі» тақырыбында дәріс оқып, жастармен ашық әңгіме өрбіті.  Бос уақытты тиімді өткізуге шақырып, кешкілік уақытта бей-берекет далада жүруді тоқтатып, тәртіп сақтауға үндеді. Кәмелет жасына толмаған жасөспірімдердің ойланбай істеген әрекеттері үшін ата-аналары жаза немесе айыппұл арқалайтынын да айтуды ұмытпады.

 

Іс-шара барысында оқушылар мен студенттер құқық қорғау қызметкерлеріне сұрақтарын қойып, оған толыққанды жауап алды. Бұндай  кездесулерді жиі өткізу, жасөспірімдер арасында қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын алуға оң ықпалын тигізетінін анық.

 

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

Комментарий