Жаңалықтар | Новости

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы жұмыс сапарымен Алматыға келді

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Нұралықызы Жаилғанова 2021 жылғы 21 мамырда жұмыс сапарымен Алматы қаласына барды.

Агенттік Төрағасымен аумақтық Департаменттің жаңа басшысы Ильдар Бақытұлы Үйсүмбаев таныстырылды.

Сапар барысында Анар Нұралиқызы аумақтық Департаменттің және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы филиалының қызметімен танысты, сондай-ақ қызметкерлермен «сұрақ-жауап» форматында жұмыс кездесуін өткізді.

Агенттік Төрағасы Мемлекеттік қызмет және Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша нақты тапсырмалар қойды. ​ ​ ​

Жұмыс кездесуді қорытындылай Анар Нұралықызы барлық қызметкерлерге жүргізіліп жатқан жұмыстары үшін алғыс айтып, табыс тіледі.

Комментарий