Жаңалықтар | НовостиСудья мінбері | Судебная система

Некенің бұзылуы азаймай тұр

Отбасының қоғамда алатын орны зор. Бір сәт лирикалық шегініске ерік берсек, қазақтың ұлы ақындарының бірі Қасым Аманжоловтың өзі де: Отбасы шағын мемлекет

Мен премьер, сен президент- деп өлеңге қосты емес пе?!… Ақынның осы өлеңдерінің өзінен-ақ әр отбасының тәуелсіз еліміздің тірегі екені көрініп тұр.

Енді заңнама тілінде сөйлесек, Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы» туралы Кодексінің 10 бабы I тармағына сай он сегіз жасқа толған әр азамат отбасын құруға құқылы делінген.

Жәнібек аудандық сотына түсетін азаматтық істердің біршамасы ерлі-зайыптылардың некені бұзу, ортақ мүлікті бөлісу жөніндегі істер. Егер 2020 жылы сотқа осы санаттағы 10 іс түссе, ағымдағы жылдың I тоқсанында 13 іс түсті. Әрине бұл ойландыратын жағдай, өйткені әр істің артында бір жанұяның тағдыры тұр.

Отбасын құрып, үй болу өмірдің, жаратылыстың заңы. Отау тігіп, бір шаңырақ көтеру көне заманнан келе жатқан игі дәстүр. Көптеген жастар қазірде үйленіп, үй болуда. Жастардың өз алдына отау құруы дегенде есімізге ата-баба тұған қара шаңырақ түседі. Сол қара шаңырақта бабаларымыз ұрпақтар сабақтастығын жалғастырып, немере, шөбере сүйді. Жасы ұлғайып, жер ортаға жеткен шағында соңын басқан ізбасар немерелері отау құрғанда: «Шаңырығың биік болсын!» — деп бата береген. Бүгінде үйленіп, үй болғандарға қуанамыз, әрине. Алайда тойда айтылған ақ тілектердің бәрі айдалада қалып үй болмай жатып ажырасып кетушілердің қатары толастамай тұр. Өз басым ерлі зайыптылардың ажырасуының себептерін алдымен жас отбасылардың әлеуметтік жағдайынын іздеймін. Жас отбасылардың баспанасының болмауы, оның үстіне үйде жұмыссыз отыруы оларды тығырыққа тірейтін жағдай. Салған жерден осындай қиындыққа тап болу психологиялық жағынан да адамды аздыруға душар етеді. Алайда мұны желеу етіп өмірден баз кешуге болмайды. Ерік жігері қүшті отбасылар мұндай кедергілердің бәрін де жеңіп щығады. Отбасының ажырасуының екінші себебі жастар бірін-бірі ұнатып қосылғанымен отбасында әр қайсысының өз міндеті мен рөлін жөндеп түсінбеуі деп білемін. Ата-баба дәстүрінде ер адам отбасын асыраушы болып есептелген. Түздегі шаруаны сол үйдің азаматы шаршап шалдықпай, ыстық-суыққа күйіп, тоңып жүрсе де шыдамдылықпен бітіре білсе, щаңырақтағы құдай қосқан қосағы үйдегі жұмысты тап-тұйнақтай етіп отырған. Міне, береке-бірлік деген осындай тату-тәтті тірліктің арқасында орнаған. Халқымыз бұл тірлікті «Ерте тұрған еркектің ырысы артық, ерте тұрған әйелдің бір ісі артық» деп нақылға да қосқан.

Тату- бірлікте болайық, отбасының шырқын бұзбайық деу әрине айтуға оңай. Дегенмен үлкендердің өнегесін, берекелі отбасылардың үлгісін қөріп, тағылым алған жастардың иманды да ибалы, тәрбиелі болып өсуі хақ.

Бабаларымыздың «Ұяда не көрсең, ұщқанда соны ілерсің» деген дана сөзін жадымызда ұстайық.

Ж.Б.Махсотова, Жәнібек аудандық сотының кеңсе бас маманы 

Комментарий