Жаңалықтар | Новости

Қазақстанда 40 градусқа дейін аптап болады

Қазақстанда 40 градус ыстық күтіледі. «Қазгидромет» синоптиктері 25-27 мамырға арналған ауа райы болжамын ұсынды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Болжамға сәйкес, 25-26 мамырда Қазақстан аумағында ауа райы қалыпты болады. Оңтүстіктен жылы және құрғақ ауа массаларының келуіне байланысты күн ыстық және құрғақ болады.

«Еліміздің батысында 30-39 градус жылу күтіледі, тіпті солтүстік жартысында да термометр бағаны күндізгі уақытта 32-38 градусты көрсетеді. Оңтүстікте 30-40 градус аптап, шығыста 30-36 градус ыстық болады. Алайда 27 мамырдан бастап батыс және солтүстік аймақтарға Батыс Еуропа аудандарынан келетін антициклон әсер етеді. Батыс өңірлерде температура бағаны 25-33 дейін, солтүстік өңірлерде 18-28 дейін айтарлықтай төмендейді», — делінген хабарламада.

Комментарий