Жаңалықтар | Новости

Алматыдағы кинотеатрға Фархат Әбдірайымовтың есімі берілмек

Kinopark-Kinoplexx Theatres театры қазақстандық актер Фархат Әбдірайымовтың есімін Kinoplexx Сары Арқа кинотеатрына беру туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

“Біз Фархаттың туған туыстарына қайғырып көңіл айтамыз. Ол біздің компанияның кез келген жұмысына қолдау көрсетіп, шараларымызға белсенді түрде қатысатын. Сондықтан біз Kinoplexx Сары Арқа кинотеатрына  Фархат Әбдірайымовтың атын беріп,  кинотеатрдың кіреберісіне актердің мүсінін орнатамыз деген ойға келдік”, – дейді Kinopark-Kinoplexx Theatres қоғаммен байланыс жөніндегі директоры Ерлан Бұхарбаев.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта бұл мәселе бойынша келіссөздер жүргізліп жатыр.

Еске салсақ, белгілі актер Фархат Әбдірайымов Грузияда түсірілім кезінде көз жұмды.

Фархат Әбдірайымовты халық соңғы сапарға қошеметтеп шығарып салды. Қоштасу рәсімі Алматыдағы Орталық клиникалық ауруханада өтті.

Комментарий