Жаңалықтар | Новости

Коронавирус және пневмония: тағы 25 адам қайтыс болды

Қазақстанда кейінгі тәулікте COVID-19 белгілері бар пневмония мен коронавирустан бірден 25 адам қайтыс болды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Денсаулық сақтау министрлігінің деректеріне сілтеме жасап.

Дәрігерлер 20 адамның коронавирустан қайтыс болғанын анықтады. Тағы бес адам коронавирус белгілері бар пневмониядан қайтыс болды, бірақ ПТР нәтижесі теріс.

Сондай-ақ, кейінгі тәулікте пневмонияның 86 жағдайы анықталды. Науқастардың ең көбі – Жамбыл, Атырау және Шығыс Қазақстан облыстарында.

Комментарий