Жаңалықтар | Новости

Қоғамдық жұмыстарға тарту

1.Қоғамдық жұмыстар сотталған адамның жергілікті атқарушы органдар қоғамдық орындарда ұйымдастыратын, белгілі бір біліктілікті талап етпейтін тегiн қоғамдық пайдалы жұмыстарды орындауынан тұрады.
2. Қоғамдық жұмыстар алпыс сағаттан үш жүз сағатқа дейiн белгiленедi және сотталған адам оларды өтеу уақытына негізгі жұмыс орны бойынша еңбек міндеттерін орындаудан босатыла отырып не оқудан бос уақытында күнiне төрт сағаттан асырылмай, ал егер сотталған адамның тұрақты жұмыс орны болмаса және ол оқуда болмаса – күніне сегіз сағатқа дейін, бірақ аптасына қырық сағаттан асырылмай өтеледi. Қоғамдық жұмыстардан жалтарған жағдайда осы Кодекстің 45-бабының ережелері ескеріле отырып, олар қоғамдық жұмыстардың төрт сағаты үшін бір тәулікке қамаққа алу есебімен қамаққа алуға ауыстырылады.
3. Қоғамдық жұмыстарға тарту жүктi әйелдерге, үш жасқа дейiнгi жас балалары бар әйелдерге, үш жасқа дейiнгi жас балаларын жалғыз өзі тәрбиелеп отырған еркектерге, елу сегіз жастағы және ол жастан асқан әйелдерге, алпыс үш жастағы және ол жастан асқан еркектерге, бiрiншi немесе екiншi топтағы мүгедектерге, әскери қызметшілерге тағайындалмайды.

 

Пробация қызметінің қоғамдық жұмыстарға тарту   түріндегі жазаны орындау кезіндегі өкілеттіктері

 

Пробация

  • сотталғандарды есепке алуды жүргiзедi;
    2) оларға жазаны өтеу, сондай-ақ жазаның өтелуін бақылау тәртiбi мен шарттарын түсiндiредi;
    3) жергілікті атқарушы органдар ұйымдастыратын қоғамдық жұмыстардың орындалуын бақылайды;
    4) сотталған адаммен айына бір рет профилактикалық әңгімелесу жүргізеді;
    5) жазасын өтеуден жалтару мақсатында жасырынып жүрген сотталған адамға қатысты бастапқы iздестiру iс-шараларын жүзеге асырады және сотқа iздестіруді жариялау туралы ұсыну енгiзедi.

 

Жергілікті атқарушы органдардың қоғамдық  жұмыстарға тарту түріндегі жазаны орындау кезіндегі

өкілеттіктері

 

Жергілікті  органдар:
1) пробация қызметін сот үкімін алғаны және оны орындауға қабылдағаны туралы дереу хабардар етуге;
2) жұмыс істелген уақытты есепке алу табелін жүргізуге, орындалған жұмыстардың актісін жасауға және оларды ағымдағы айдың соңғы күнінен кешіктірмей пробация қызметіне жіберуге;
3) пробация қызметіне сотталған адамның мінез-құлқы туралы ақпарат беруге;
4) пробация қызметін сотталған адамның жазаны өтеуден жалтаруы туралы хабардар етуге міндетті.
2. Жергілікті атқарушы органдардың лауазымды адамдарының қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаны орындау кезінде осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген міндеттерді орындамауы заңда белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.

 

 

Қамаққа алу

 

  1. Қамаққа алу сотталған адамды тағайындалған жазаның бүкіл мерзімінде қоғамнан қатаң оқшаулау жағдайларында ұстауды білдіреді.
    2. Қамаққа алу отыз тәуліктен тоқсан тәулікке дейінгі мерзімге белгіленеді. Ұстап алу мерзімі қамаққа алу мерзіміне қосылады.
    3. Қамаққа алу кәмелетке толмағандарға, жүкті әйелдерге, жас балалары бар әйелдерге, жас балаларын жалғыз өзі тәрбиелеп отырған еркектерге, елу сегіз жастағы және ол жастан асқан әйелдерге, алпыс үш жастағы және ол жастан асқан еркектерге, бiрiншi немесе екiншi топтағы мүгедектерге тағайындалмайды.
    4. Әскери қызметшілер қамақта болуды гауптвахтада өтейді.

БҚО Тасқала аудандық пробация қызметінің

аға инспекторы

әділет аға лейтенанты  Джумагазиев C.Д.              

Комментарий