Жаңалықтар | Новости

Мекеме  қызметкерлері  сертификат алды

Бүгін Қызылорда облысы бойынша  ҚАЖ департаментіне қарасты ЗК-169/, ЗК-169/5 мекемесінің  теолог мамандары  72 сағаттық «Орыс тілін шетел тілі ретінде деңгейлік оқыту» курсын аяқтап, сертификат алды.

Курсты Қызылорда облысының ішкі саясат басқармасының Тілдерді оқыту орталығының  орыс  тілі оқытушысы, Л.Алибекова  жүргізді. Курс барысында тыңдаушылар  онлайн оқуға арналған орталық порталын еркін пайдаланып, тіл үйренудің тиімді технологиялары арқылы білімдерін жетілдірді.

Сертификат табыстау рәсімін орталық директоры Л.Ортаева мен курс жетекшісі Л.Алибекова   жүргізді.

Шара соңында тыңдаушылар жылы лебіздерін және алдағы уақытта курсты жалғастыруға ниетті екендіктерін білдірді.

 

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

Комментарий