Жаңалықтар | Новости

Адвокаттар, нотариустар мен жеке сот орындаушылары өздерін сақтандыруы тиіс

Құқық саласында жұмыс істейтін адвокаттар, нотариустар, жеке меншік сот орындаушылары мен медиаторлар 2020 жылдың 9 айында МӘМС жарнасын төлеуден босатылғандар қатарына кіреді. Олар өздері мен қызметкерлері туралы мәліметті Қордың msb.fms.kz сайтын тіркеуі тиіс. Бұл туралы МСҚ Алматы филиалы директорының орынбасары Жанар Кенжебаева мәлімдеді.

Бұған дейін хабарланғандай, өткен жылдың сәуір айында ҚР Үкіметінің №224 қаулысы негізінде салықтар мен әлеуметтік төлемдерден босатылған шағын және орта бизнес нысандарының тізімі бекітілген болатын. Қаулы бойынша, 2021 жылдың 1-қаңтарына дейін кәсіпорындардың 29 санатына жеңілдік берілді.

Белгіленген тәртіп бойынша, жеңілдік берілген ШОБ субъектілері өз қызметкерлерін 2020 жылдың соңына дейін Қордың арнайы ресурсына енгізу арқылы сақтандыруы тиіс болатын.

«Алматы қаласы бойынша барлығы 116 604 нысан МӘМС жарнасын төлеуден босатылған болатын. Өкінішке орай, оның 13 235-і әлі күнге дейін сақтандыру статусын өзектендірмеген. Шағын және орта бизнес пен құқықтық практикамен айналысатын тұлғалардың  сақтандыру жүйесінен шығып қалуына жол бермеу мақсатында Қор мәліметтерді өзектендіру мерзімін биылғы жылдың 1-қазанына дейін ұзартқан болатын», – дейді Жанар Кенжебаева.

Мәліметтерді өзектендіру үшін не істеу қажет?

  • Жұмыс беруші (нотариус, адвокат, жеке сот орындаушылары)fms.kz сайтына кіреді
  • Аталған жүйеге ЭЦҚ арқылы тіркеліп, қолданушы келісіміне қол қояды
  • Жұмыскердің (өзінің) ЖСН енгізеді. Тізімді Excel форматындағы бір файл арқылы немесе әр адамды жеке-жеке енгізуге болады.
  • Мәлімет дұрыс енгізілген жағдайда бірден сақтандыру статусы беріледі.

ҚР Үкіметінің №224 қаулысы негізінде төлемдерден босатылған кәсіпорындардың толық тізімімен төмендегі сілтеме арқылы танысуға болады: https://www.primeminister.kz/ru/decisions/20042020-224

 

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ

Алматы қалалық филиалының баспасөз қызметі

Комментарий