Судья мінбері | Судебная система

Жемқорлықты жою басты мақсат!

Біз қазіргі таңда болашағы зор,  жетістігі мол қоғамда өмір сүріп келеміз. Алайда бұл қоғамның шешімі табылмай  тұрған  бір  дерт бар  ол- сыбайлас жемқорлық.  Елiмiзде осы  дертке  арнайы қабылданған заңдар да, атқарылып жатқан жұмыстар да баршылық.

Осы уақытқа дейін жемқорлықпен күресу үшін түрлі әдістерді  қолданып келдік. Соның ішінде, жемқорлық фактілерімен ұсталған азаматтарды жұмыстан қысқартып, ол лауазымға қайта орала алмайтын тәсілдерді қолдандық, айыпқа тарттық, соттадық, қатаң түрде жазалап, түрмеге айдадық. Алайда, айтарлықтай нәтижеге қол жеткізбедік. Себебі, біреуін жазалағанмен, оның орнына келген екінші біреу дәл сол қателікті назарда ұстап, жаңадан айла ойластырды. Тың амал табады. Адамнан қулық артылған ба?! Бар ойға алғаны өзінің материалдық деңгейін көтеру болғандықтан, ол да жемқорлыққа жол береді.Елімізде жемқорлық дертіне  қарсы күрес шаралары күшейтіліп келе жатқандығын да  айта кету керек.  Соның ішінде  ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Мемлекеттік қызмет туралы» арнайы Заңдар  және «Қазақстан Республикасында қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту және құқық қорғау қызметін одан әрі жетілдіру жөніндегі қосымша шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы қолданысқа енгізілген болатын. Қызмет құзыреті бойынша Тәртіптік кеңесі Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңы мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметкерлерінің ар-намыс кодексі талаптарының сақталуын қадағалап,  аталған заңнама мен кодекс талаптарының бұзылуына жол берген қызметкерлердің тәртіптік жауапкершілігін қарау белгіленген.  Сонымен қатар сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы күрес арнайы дайындалған мемлекеттік бағдарламаларда жүзеге асырылып келеді. Бірақ,  бұл тек іс қағаз жөнінде қалмай, күнделікті қолданысқа айналдыруымыз керек.

Елімізде жемқорлық дертіне  қарсы күрес шаралары күшейтіліп келе жатқандығын да  айта кету керек.  Соның ішінде  ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Мемлекеттік қызмет туралы» арнайы Заңдар  және «Қазақстан Республикасында қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту және құқық қорғау қызметін одан әрі жетілдіру жөніндегі қосымша шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы қолданысқа енгізілген болатын. Қызмет құзыреті бойынша Тәртіптік кеңесі Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңы мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметкерлерінің ар-намыс кодексі талаптарының сақталуын қадағалап,  аталған заңнама мен кодекс талаптарының бұзылуына жол берген қызметкерлердің тәртіптік жауапкершілігін қарау белгіленген.  Сонымен қатар сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы күрес арнайы дайындалған мемлекеттік бағдарламаларда жүзеге асырылып келеді. Бірақ,  бұл тек іс қағаз жөнінде қалмай, күнделікті қолданысқа айналдыруымыз керек.

Дархан Ардақұлы, Алматы қаласы Бостандық аудандық №2 сотының жетекші маманы

Комментарий