Жаңалықтар | Новости

Қазақстандағы “қызыл” аймақ туралы мәлімет жаңарды

Қазақстанда коронавирустың таралуы бойынша “қызыл” аймақ туралы мәлімет жаңарды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ВАК-қа сілтеме жасап.

21 мамырдағы мәлімет бойынша, “қызыл” аймақта Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары және Ақмола, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстары орналасқан.

“Сары” аймақта: Шымкент қаласы және Алматы, Қостанай, Маңғыстау және Павлодар облыстары.

“Жасыл” аймақта: Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан облыстары.

Бұған дейін Қазақстанда кейінгі тәулікте 2267 адамнан коронавирус анықталғаны хабарланған болатын.

Комментарий