Аймақ | Регион

Залал өтелуі тиіс

ШҚО бойынша ҚАЖД Жарма аудандық #1 ПҚ , 25.12.2018жылы ШҚО Семей қаласының #2 сотының үкімі бойынша ҚР ҚР — 293 бабы 3 бөлігі» 2″ тармағы бойынша 3 жыл 6 ай тағайындалған ҚР ҚК 60-бабын қолдана, отырып үкімдердің жиынтығы бойынша, яғни 05.04.2021жылғы Семей қаласының #2 сотының үкімімен тағайындалған жазаны ішінара қосу арқылы оған түпкілікті жаза 4 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалған .ҚР ҚК 44 — бабы 1 бөлігіне сәйкес жаза өтеуден бүкіл мерзімі ішінде жыл сайын 100 сағаттан аспайтын мәжбүрлі еңбекке тартылған Қалбатау ауылының тұрғыны Асан (есімі өзгертілген) жаза мерзімінің 1/2 бөлігін өтеп, ҚР ҚК 72- бабына сәйкес мерзімнен бұрын шартты түрде босату туралы өтініш білдірді. Осыған орай, ағымдағы жылдың 20.06.2021 күні сот отырысы өткізілді. Сот отырысы барысында жаза өтеуші жасаған қылмысына өкінетінін, түзелу жолына түсіп, алдағы уақытта қылмыстық құқық бұзушылыққа жол бермейтінін айтып сот алдында уәде берді. Жаза өтеушінің мерзімінен бұрын шартты түрде босату туралы өтінішін сот отырысына қатысқан прокурордың да қарсы болмауына байланысты Жарма аудандық сотының қаулысымен қанағаттандырылды.

 

Жарма аудандық #1 ПҚБ инспекторы әділет капитаны Конабаев А.Т

Комментарий