Жаңалықтар | Новости

Ashyq қосымшасында ақау пайда болды

Ashyq қосымшасы жұмысында мәртебені анықтау бойынша техникалық ақаулар пайда болды. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі техникалық ақаулар себебі анықталып жатқанын хабарлады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ақау анықталып, жойылғанға дейін пайдаланушыларға балама әдіс ретінде Aitu қосымшасы ұсынылды.

«Бірнеше апта бұрын BTS Ashyq-ты Aitu қосымшасына біріктіруді ұсынды. Біз келістік. Неліктен Aitu? Біріншіден, BTS мемлекетпен жұмыс істейді. Яғни, оларда жарияламау және деректердің қауіпсіздігі үшін жауапкершілік туралы қол қойылған меморандумдар бар. Екіншіден, Aitu-да республикалық база деректері жоқ, ол тек ақпарат алады. Қазір Aitu пилоттық режимде жұмыс істейді», — деді цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Әсет Тұрысов.

Aitu қосымшасына сілтеме арқылы өте аласыз. Әрі қарай «қолданбалар» бөлімінде Ashyq қосымшасын орнату керек.

Aitu қосымшасында Ashyq бұрынғы режимде жұмыс істейді.

Комментарий