Судья мінбері | Судебная система

Жеті түйіннің көтерер жүгі ауыр

Жоғарғы Сот төрағасы Жақып Асанов еліміздегі сот жүйесін одан әрі дамыту бойынша жеті басым міндетті саралап, алдағы уақытта орындалар мақсат ретінде белгілеп берген болатын. «Жеті түйіннің» негізінде бүгінде қыруар жұмыс атқарылып жатыр.

Сот жүйесін дамытуға бағытталған жоба 7 бағытты қамтиды: «Мінсіз судья», «Үлгілі сот», «Әділ процесс», «Е-СОТ», «Оңтайлы орта», «Сапалы нәтиже», «Сотсыз татуласу орталығы». Жеті жоба 2020 жылға дейінгі сот жүйесін дамыту тұжырымдамасының негізін құрды. Ол сот жүйесін жаңа даму деңгейіне көтеруі тиіс. Тұтастай алғанда, аталған жобалардың негізгі ортақ міндеті – қоғамның соттарға деген сенімін арттыру.

Ең бастысы бүгінде осы жеті жобаның негізінде сот  жүйесін одан әрі дамыту, сот төрелігіне сенімді арттырып, сот төрелігінің әділдігін,  жауапкершілігін арттыру бағытында жұмыстар атқарылуда. «Сот төрелігінің «7 түйіні» жобасы халықтың сот жүйесіне деген сенімін арттыра түсуге және сот төрелігінің әділеттілігін, оның жауапкершілігі мен тәуелсіздігін, сот шешімдерінің жоғары сапасы мен судьялардың біліктілігін арттыру арқылы құқық үстемдігін қамтамасыз етеді. Солардың бастысы «Мінсіз судья». Халық сенімі мен құрметіне ие болуда судья жұмысының маңызы өте зор, яғни сот жүйесінің беделі судьялардың әділ төрелігімен өлшенеді. «Үлгілі сот» жобасының мақсаты – сот төрелігі жүйесіне халық сенімін арттырып, соттарды басқарудың тиімді жүйесін құру.Бұл өзгерістердің барлығы бұл саланы қолжетімді, оңтайлы етіп, халқымыздың сот жүйесіне деген сенімін нығайтуға бағытталғаны белгілі. Зор ізденістердің арқасында сот жұмысы заңдық тұрғыдан нығайтылып, судьялардың материалдық-техникалық жақтан жан-жақты қамтамасыз етілуіне әрдайым жіті көңіл бөлінуде. Қазіргі күні «Сот жүйесінің жеті түйіні» жобасымен ел соттарының ғимараттарында арнайы татуласу ор­талықтары ашылуда. Онда азаматтарға медиаторлар, заңгерлер, нотариус­тар, психологтер, сот орындаушылар біріге көмек көрсетеді. Сот саласын дамытып қана қоймай, ұзақ жылдар бойы дамытуды көздейтін жеті түйін жобасынан күтілер үміт көп.

Елена Кван, Алматы қаласы Бостандық аудандық №2 сотының судьясы

 

Комментарий