Жаңалықтар | Новости

«Ұлы Дала Елі» музейінің тарихи құндылығымен танысты

Түркістан қалалық пробация бөлімінің қызметкерлері мен ерікті жастар Халықаралық музейлер күніне орай Қазірет қонған қасиетті Түркістан қаласында бой көтерген «Ұлы Дала Елі» орталығын тамашалады.

Аталған орталық Қазақ хандығының құрылғанынан бастап, жаңа дамуына дейінгі әртүрлі тақырыпты ашатын 9 тарихи және замануи залдан тұрады.

— Музей — кешегі тарихты бүгінгі күнмен байланыстырып, оны кейінгі ұрпаққа ұлықтайды. Сондай-ақ, кейінгі ұрпаққа тарихты баяндайтын және уақытты ұтымды өткізуге әрі таным көкжиегін кеңейтуге мүмкіндік беретін орталық. Осы орайда, «Ұлы Дала Елі» орталығының ұжымына шығармашылық табыс тілеймін, — деді Түркістан қалалық пробация қызметі бөлімінің аға инспекторы, әділет капитаны Жанболат Әбдірахманов.

Осы орталықта орналасқан тарихи құндылықтарды тамашалаған Мұрат өзінің алған әсерімен бөлісті.

— Біз музей қызметкерлерінің және Түркістан қалалық пробация бөлімі қызметкерлерінің қажырлы еңбегінің арқасында тарих толқынында орын алған әртүрлі қызықты көне естеліктермен таныстық. Аталған орталық ұжымы әрдайым жастарға музей әлеміндегі өркениеттің рухани және мәдени мұрасын сүюге және түсінуге үйрете берсін. Орталық қызметкерлерін Халықаралық музейлер күнімен шын жүректен құттықтаймын!, — деді жас ерікті Мұрат.

Комментарий