Жаңалықтар | Новости

Қазақстанда бір өңір «жасыл» аймаққа өтті

Солтүстік Қазақстан облысы коронавирустың таралуы бойынша «сары» аймақтан «жасыл» аймаққа өтті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ВАК-қа сілтеме жасап.

2021 жылғы 20 мамырдағы жағдай бойынша «қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары және Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстары.

«Сары» аймақта: Алматы, Қостанай, Маңғыстау және Павлодар облыстары.

«Жасыл» аймақта: Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстары.

Бұған дейін Қазақстанда ПТР-тестінің оң нәтижесі бар 2 433 коронавирус инфекциясын жұқтырған жағдай анықталғаны хабарланған еді.

Комментарий