Жаңалықтар | Новости

Алматы әуежайында рейстер кешігіп жатыр

Алматы әуежайында ұшу-қону жолағының бірін жөндеуге байланысты рейстер кешігіп жатыр, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы әуежайының баспасөз қызметі өкілдері бір жолақ уақытша жабық екенін айтты. Жөндеу жұмыстары жүріп жатыр.

“Екіншісі жұмыс істеп тұр. Жолақтардың бірінің зақымдануына байланысты рейстер уақыты өзгеріп жатыр, өзі екі жолақ бар”, – деді Алматы әуежайының баспасөз қызметіндегілер.

Алматы – Нұр-Сұлтан, Алматы – Қостанай, Алматы – Батуми рейстері кешігіп жатқаны хабарланды.

“Уақыт 1-1,5 сағатқа шегерілді. Рейстер тоқтамайды”, – деді әуежайдың баспасөз қызметі өкілдері.

Комментарий