Жаңалықтар | Новости

Қызметкерлерге дәріс оқыды

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің бұйрығына сәйкес, қызметкерлердің кәсіби шеберлігін, дене шынықтыру және жауынгерлік даярлық деңгейін жоғарлату мақсатында, Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЗК-169/4 мекемесінің жеке құрам қызметкерлеріне аптасына бір рет қызметтік  екі рет дене шынықтыру және кәсіби даярлық сабағы  өткізіледі.

Бүгінгі сабақ барысында мекеменің кадр саясаты тобының инспекторы әділет аға лейтенанты Д.Оспанов қызметкерлерге «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және болдырмау», сондай-ақ  Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің талаптары бойынша дәріс оқыды. Дәріс барысында  қызметкерлерге  сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілікті қалыптастыруды,  қызметтік этика нормаларын сақтауды,  сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру  жөнінде  түсіндірме берді.

Сонымен қоса, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің  нормаларына сәйкес мемлекеттік қызметшілер қарапайым болуға, жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын сақтауға, өзінің іс-әрекетімен және мінез-құлқымен қоғам тарапынан айтылатын сынға себепкер болмауға тиіс екендігін де айтып өтті.

Дәріс соңында  қызметкерлерге арнайы профилактикалық мақсатта дайындалған сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жайындағы  бейне роликтер көрсетілді.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

Комментарий