Жаңалықтар | Новости

Сотталғандар теолог маманмен кездесті

Қызылорда облысының дін істер басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің  теолог маманы Ержас  Тұрсынбаев ЗК-169/4 мекемесіндегі сотталған азаматтарға ақпараттық- жұмыстарын өткізді.  Кездесу  «Деструктивті діни ағымдардың алдын алу»  тақырыбында өтті. Кездесуді ұйымдастырудағы мақсат- сотталған азаматтарға жалған діни ағымдарды дәстүрлі діндерден қалай ажыратуға  болатындығы  жөнінде  және деструктивті діни ағымдардың ерекшеліктері туралы  дәріс беру.

Іс-шара барысында теолог маман сотталған азаматарға  рухани құндылықтарға баса назар аудару керектігін, дін саласына қатысты қандай да бір ақпаратты  дін саласында оқыған білікті мамандардан сұрау, діни ақпаратты интернеттен қолданар кезде сақ болу керек деді.

Іс-шараның соңында жазасын өтеушілер  аталған тақырып бойынша өздерін қызықтырып жүрген сұрақтар қойып, қойған сауалдарына толыққанды жауап алды.

« Бүгінгі теологпен кездесу барысында дәрісті тыңдай отыра көптеген діни сауаттылығымызды кеңейте алдық. Себебі, теолог маман өзге діни ағымдардың басты ерекшеліктері туралы  ашып түсіндірді. Өте маңызды тақырыптағы дәріс болғандықтан мұқият тыңдап, көптеген мәліметтер алдым»,- деді сотталған азамат.

 

 Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

Комментарий