Жаңалықтар | Новости

«Қадағалау» профилактикалық іс-шарасы барысында атқарылған жұмыстардың нәтижесі

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 18 тамызындағы №517 бұйрығымен бекітілген Қағиданың 1-тарауы 3-тармағы 3-тармақшасының талаптарын орындау мақсатында, полиция бөлімшелері мен пробация қызметтерінің өзара іс-қимылының тиімділігін арттыру, пробация қызметінде есепте тұрған сотталғандардың жаңадан құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу мақсатында 2021 жылдың 17-22 мамыр аралығында Қызылорда облысы бойынша «Қадағалау» профилактикалық іс-шарасы өтуде.

«Қадағалау» профилактикалық іс-шарасы аясында Жаңақорған аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызмет бөлімшесімен Жаңақорған аудандық пробация қызметкерлерімен бірлескен тексерулер ұйымдастырылып, Жаңақорған аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған 79 қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жаза түрлеріне сотталған азаматтардың тұрғылықты мекенжайы мен жұмыс орындарына тексеру жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде 3 сотталғанға жаза өтеу тәртіптерін бұзғаны үшін, «Ескерту» жазалау шарасы қолданса, 1 сотталғанға бас бостандығынан шектеу жазасын бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру үшін Жаңақорған аудандық сотына іс-құжаттары жолданды.

Аталған іс-шараның маңыздылығын басшылыққа алып, есепке алынған әрбір азаматтың мінез-құлқына бақылау жасалып, пробация қызметінің есебінен жалтарудың, құқық бұзушылық пен қайта қылмыс жасауының алдын алу, сонымен қатар барлық тексерілген азаматтарға тәрбиелік мәні бар жұмыстар жүргізіліп, оларға өз құқықтары мен жауапкершіліктері толығымен түсіндірілді.

 

Жаңақорған аудандық пробация қызметі

 

Комментарий