Жаңалықтар | Новости

Цой QazVac вакцинасының екінші дозасын салдырды

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой 21 күннен кейін QazVac вакцинасының екінші дозасын алды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«QazVac вакцинасының екіншісін алдым. Бірінші рет салдырғандағыдай, жағдайым жақсы. Жанама әсері байқалмады. Вакцина — пандемиядан шығудың жалғыз тиімді құралы. Дендеріңіз сау болсын! Өзіңізді сақтаңыз!» — деп жазды министр Facebook-парақшасында.

Айта кетейік, Алексей Цой коронавирусқа қарсы QazVac вакцинасының алғашқы дозасын 26 сәуірде тікелей эфирде салдырған болатын.

Комментарий