Жаңалықтар | Новости

“Бірінші отбасымнан Дильназ, Дильшат деген екі балам бар”. Халық әртісі Мұрат Ахмадиев отбасы, ұлтаралық араздық және қытайдағы қысым туралы

– Сіздің қызыңыз Дильназ үнемі сізге деген махаббатын білдіріп, ең керемет әке деп атайды. Балаларыңызды қалай тәрбиеледіңіз? Ең үздік әке атану үшін не істеу керек?

– Бұрын Мұрат Ахмадиевтің қызы деп таныса, қазір Дильназ Ахмадиевтің әкесі ретінде танып жатады. Бұған ренжімеймін, солай болуы да керек. Кезінде балаларым үшін еңбек етсем, енді балаларымның абыройы мен үшін еңбек етіп жатқанына қуаныштымын.

Мен оларға ешнәрсе үйреткен жоқпын, яғни қалай өмір сүру керегін айтқаным жоқ.  Былай істе, олай істеме деп айтпадым. Оларға еркіндік бердім. Және өзімнің жұмысыммен, өзімнің өміріммен, ұстанған көзқарасыммен үлгі болдым деуге болады. Олар маған, менің жұмысыма, менің қандай адам екеніме қарап, жақсы жақтарымды өздеріне сіңірді.

– Алғашқы отбасыңыздан ажырап, кейін екінші рет шаңырақ көтердіңіз. Балаларыңыз бір-бірімен араласып тұра ма?

– Бірінші отбасымнан Дильназ, Дильшат деген екі балам бар. Кейінгі отбасымда екі ұл, бір қыз өсіріп отырмын. Балаларым бір-бірімен өте жақын, тату араласып тұрады. Екі отбасым да бір-бірімен жақсы қарым-қатынаста. Ешкім-ешкіммен жау емес. Бірінші отбасыммен де ешқандай соғыссыз, араздасусыз, бейбіт келісіммен, түсінісіп тарағанбыз.

– Осы елде қалыптастыңыз, билікте де болдыңыз, өнерде де жолыңыз болды. Қазақстанға разы шығарсыз?

– Қазақстанға дән ризамын. Осы жерде менің ең балғын, ең бақытты шақтарым өтті. Кейде “мен бақытты ұйғырмын” деп қалжыңдайтыным бар. Шынымен де, Қазақстан – кең құшақты, қонақжай, бауырмал ел. Халқым – мейірімді. Сол үшін бақыттымын.

Толық сұхбат stan.kz сайтында

Комментарий