Жаңалықтар | Новости

Отбасылық өмірлері қызметпен байланысқан жұптар

 Өмірде жар таңдау мен мамандық таңдауда қателеспеу керек. Жарың-өмірлік серігің, қорғаның, бақытыңның бастауы. Мамандығың –азаматтық тұлғаңды танытар, қасиет қадіріңнің көрінісі.

Жар таңдау мен мамандық таңдауда қателеспей,«кірпіш дүниеге»кетігі боп қаланып,тағдырының тізгінін берік ұстап, жарқын өмір сүріп келе жатқан азамат, азаматшалар ЗК-169/1  мекемесінде де баршылық.

Тағдыр қалауы солай ма,саналы түрдегі шешімдерінен бе, бұл мекемеге жұмыс жасауға келген жастар,бір –бірімен көңіл жарастырып үйленіп жатады.Сондай жұптардың біразының сырт көз сүйсінерлік тұлғасы ғана емес, жанұялық өмірдегі жарасымдылығы да үлгі етіп айтуға лайықты жандар.

Мекемемізде бірге жұмыс жасайтын сегіз жұп бар. Соның ішіндегі үш жұптың алтауы, погондағылар екен. Бір арнада тоғысқан тағдырлардың көшін бастап келе жатқан  Медицина бөлімінің медбикесі, әділет старшинасы  Айжан Күмісбекқызының жары Б.Өмірбекұлымен  бас қосқандарына он  жылдан асты. Бүгінде бұл жұп үш қызғалдақтай қыздарын тәрбиелеп отырған өзінен кейінгілерге үлгі боларлықтай отбасы ретінде қалыптасып, қызметте де, жеке өмірлерінде де абырой бигінен көрініп келеді.

Келесі бір жұп, әділет әділета аға  сержанты  Қазбеков Берік пен Ахметова Әйгерім екеуі Арнайы контигентті есепке алу бөлімінде, бір кабинетте жұмыс жасайды. Істі болғандардың іс-қағаздарымен жұмыс жасауды үйретіп жүріп, бір-біріне деген көңіл жақындығы, өз-ара байланыстық  пен түсіністік орнады. Әдепті  Әйгерімнің әдемі әлемін тани бастаған Берік , бұл қыздың бойыннан арманындағы арудың қасиеттері бар екендігін  байқады.Жұмыс барысындағы осындай жылы қарым-қатынас,қыз бен жігіт ретіндегі сүйіспеншілікке ұласты.Әріптестік сыпайы сыйластық пен мінез-құлық ,жеке бас қасиеттеріндегі ұқсастығы  екеуін мейірімді махаббат сезіміне бөледі. Бұл махаббатты толық мойындаған екі жас ақыры ,заң жүзінде некелесіп, шаңырақ шаттығына бөленді.Бүгінде өмірлерін одан әрі нұрландырып, ата-ана атандырған екі ұлдары бар.

-Үйде балаларымызға қарап отырған анамыз болғандықтан біз Берік екеуміз емін-еркін жұмыс жасап жүрміз. Қазіргі жастарға айтарым, бала бағу үшін күтуші жалдаудың керегі жоқ. Қазақта Әженің мейірімінен артық тәрбие жоқ деп ойлаймын. Енелеріңізге екінші анам деп қарасаңыздар, бала да бағылады, үйдің берекесі де артады- деп, әдемі аяқтады сөзін Әйгерім.

Тергеу изоляторы бастығының кезекші көмекшісі Берікбол Бауыржан мен әділет сержанты РжКБ-ның бақылаушысы  Жахман Ақботаның  бір қызы бар. Үйінің кенжесі Бауыржан болғандықтан,  екеуі  үлкен қара  шаңырақта тұрып жатыр. Ата –ененің көңлін табу,мейіріммен қарау,келген қонақты күтіп алу, жалпы қазақ келіне тән имандылық тәрбиесін көрсету, Ақбота үшін бүгінгі таңдағы басты сынақ.

-Жұмыстағы қарбалас, қатаң тәртіпке бағыну, режимдік талаптқа сай болу,  бұның бәрі келіндік міндетті мүлтіксіз атқаруға кедергі келтірмейді. Оның үстіне бүгінгі күні мен бала күтімімен  уақытша үйде отырмын. Жігітім жұмыстан шаршап келгенде бар жағдайын жасап, қажыған шақтарында қолдау көрсетіп отырамын-дейді ағынан жарылып Ақбота.

Мекеменің АКАПТЖБ-нің бастығы, әділет аға лейтенанты А.Тұрманов пен мемлекеттік құпияларды қорғау тобының  инспекторы Ақмарал Дүйсенова екеуінің бас қосқандарына жеті жыл болған екен.   Ардақтың қызмет барысында абыройлы еңбек етуі, жұмысты да , үйді де үлгертіп қатар алып жүрген еңбекқұмар Ақмаралдың арқасы.

  • Біз қара шаңырақта тұрамыз. Ең бастысы, ұлдарымыз ата-әже мейіріміне бөленіп, еркелеп, еркін өсіп келеді.Атасы немерелеріне бата жаттатып,ғибратты әңгімелер айтып, дәстүрлі тәрбие беріп отырады. Ардақ қызметіне адал,талапшыл, қатал болғанмен,үйде балаларына қамқор әке, ата-анасына да,құрметпен қарап жүреді. Жанұя жылулығы мен отбасы беріктігін сақтау үшін екеуміз де, міндеттерімізді мүлтіксіз атқаруға тырысып келеміз. Демалыс күндері ағайын-туысқа барып, балаларымызбен серуендеп,отбасы шаттығына  толы күндермен өткіземіз- дейді, мінезі жұмсақ, әрдайым сыпайы ғана күлімсіреп, жан-жағына нұрын шашып жүретін Ақмарал.

Қазақта, «Үйлену оңай , үй болу қыйын»-деген сөз бар. Отбасылық өмірдің қыйындығын да, қызығында бірге көріп келе жатқан ҚАЖ қызметкерлерінің бақытты жанұялылық сәттері көп болар деп ойлаймыз. Өйткені олар, өмірде де, қызметте де бірге. Әңгімелері де, қызығушылықтары да бір бағыттағы жұптар.

Комментарий