Жаңалықтар | Новости

Тәуелсіз Қазақстанға Филология факультетітнің болашақ  мамандықтары

Бүгінде асқақ Алатаудың гүл жайнаған бөктеріндегі ҚазҰУ- қалашығында орналасқан факультетте студенттердің білім алуына толық жағдай жасалған. Қазіргі уақытта факультет құрамында алты кафедра болса, соның бесеуі: Қазақ тіл білімі, Қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы, Орыс филологиясы және әлем әдебиеті, Жалпы тіл білімі және еуропа тілдері, Шетел филологиясы және аударма теориясы кафедралары   мамандар дайындау үдерісін жүйелі түрде жүзеге асырып келеді. Шет тілі,  Шетел филологиясы және аударма теориясы кафедралары университет факультетеріндегі әлем тілдерін сапалы оқытуда. Сонымен қатар, факультет іргелі шығармашылық одақтармен, ғылыми зерттеу институттарымен келісім-шарт негізінде тығыз байланыс жасауда. Білімгерлердің мамандану тәжірибелері осынау ғылыми-шығармашылық ортада өтеді. 

Факультетте замана талабына сай халықаралық байланыс жақсы жолға қойылған. Академиялық ұтқырлыққа да ерекше назар аударылып отыр. Шетелден келген білікті профессорлар және оқытушылар  Снодргас Н. (США), Сэт Агбо (Канада), Маргарет Дорлайн Голландия),   Хэнкок М (США), Анатолий Ким (Ресей), Рафаель Велез-Нунез   (Испания), Нусье М. (Франция), Наджип Йылдыз (Түркия), Эдгар Хоффман (Австрия) ағылшын,   француз, неміс, түрік, испан тілдерінде 1 жыл көлемінде студенттер мен магистранттарға сабақ берді. Америкадан 48 студент келіп, бір жыл көлемінде дәріс алды. Болашақта бұл үрдісті дәстүрге айналдыру – басты мақсаттың бірі. Ресей халықтар достығы, Испанияның Гранада университеттерімен бірлескен Екі дипломдық магистрлік және докторлық бағдарлама жүзеге асырылып жатыр. Екі шет тілі мамандығының студенттері академиялық ұтқырлық бағдарламасымен 1 семестр көлемінде  Зальцбург университеті (Зальцбург, Австрия), Вена экономика және бизнес университеті (Вена, Австрия), Пекин шет тілдер университеті (Қытай), Адам ресурстарын дамыту университеті (Венгрия), Ноттингем университеті (Ұлы Британия), Гази Университеті (Түркия), М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік  университеті (Ресей), РХДУ Шетел тілдері университеті (Ресей) ақысыз білім ала алады.

Факультеттің студенттері, магистранттары мен докторанттары жыл сайын міндетті түрде мемлекет қаржысымен Стамбул (Түркия), Гумбольдт атындағы  (Германия), Гранада (Испания), Будапешт (Венгрия), Евразиялық академиясы (Словакия), Пусан шет тілдері (Оңтүстік Корея), Утрихт, Амстердам (Нидерланды), Ұлы Витаутас атындағы (Литва) университеттеріне тәжірибелік іс-сапарларға жіберіліп отырады. Филология факультеті бәсекеге қабілетті, білімді де білікті маман дайындауда білім беру, ғылыми зерттеу, өндірістік тәжірибе бағдарындағы 3 бағытты негізге алып келеді.Біз факультетке тіл біліміне бейімі бар, әдеби шығармашылыққа жаны құштар, ғылыми ізденіске ынтасы зор ізденімпаз, талапты да талантты жасампаз жастардың келуін асыға күтеміз. Өйткені филология  факультеті – Сөз өнері өрендерін аялаған – Алтын ұя.

Нағыз филолог журналист бола алады, ал нағыз журналист филолог бола алмайды деген халық даналығы бар. Журналист болу үшін дипломыңдағы мамандық атауының маңызы жоқ, бастысы қарым-қабілетің мен, сөз байлығың, талпынысың болса болғаны. Керек десең, тележурналистика курстарына қатысып, сертификат алып жұмыс жасауға да болады.Ал сен мықты филолог болсаң сені журналист ретінде қуана-қуана жұмысқа алады. Себебі сен сауатты жаза білесің, сөздердің шығу тарихына дейін зерттей аласың, дұрыс сөйлей аласың. Ал Журналистика-ға оқуға түскен соң көбінесе практикамен жұмыс жасайсың. Ол әдіс тәсілерді жұмыс барысында не курстарға барып та үйренуіңе болады. Бұл деген Журналистикаға мүлдем түспеу керек деген сөз емес. Алайда, біздегі ЖОО шығармашылық мамандықтарға келгенде мүмкіндіктері жоғары. Ата-анаңа ауыртпалық түсірмей, керекті әрі мүмкіндігі мол мамандыққа түсуіңе болады.

Филолог – ұлттың тілі үшін барын салатын маман иесі.Сондықтан бұл салаға байқамай емес, жүрегіңнің қалауымен, алға қойған мақсатпен түсіп, меңгеру қажет. Егер басқа да сұрақтарың болса, пікірге жазсаңдар болады. Филологияның баллы  жоғары деп жасымай, мамандығыңды анықтап ал да, сол мақсат жолында еңбектен, дайындал!Сәттілік , болашақ түлектер!

 

Шетел филологиясы аударма ісі кафедрасының  оқытушылары: Г.Айтжанова ,А. Төңкер.

Комментарий