Жаңалықтар | Новости

Қазақстандағы зейнетақының орташа мөлшері анықталды

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 1 мамырдағы жағдай бойынша, Қазақстандағы зейнетақының орташа мөлшері қанша болғанын айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

“2021 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша, зейнеткерлер саны 2 миллион 245 мың адам. Зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері (оның ішінде базалық зейнетақы) 2021 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша, 100 мың теңге.

Биыл сәуірде республикалық бюджеттен зейнетақы төлемдеріне 223,2 миллиард теңге, оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге – 68,4 миллиард теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге – 154,8 миллиард теңге бөлінді”, – делінген хабарламада.

Комментарий