Жаңалықтар | Новости

«Nur Otan» партиясы Қызылорда облыстық филиалы Саяси Кеңесінің құрамы  58 %-ға жаңарды

Бүгін облыстық партия филиалының төрағасы, облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен облыстық партия филиалының  кезекті XXVIIІ есеп беру — сайлау конференциясы өтті. Жиының күн тәртібіне бірнеше мәселе ұсынылып қаралды. Соның бірі «Nur Otan» партиясы Қызылорда облыстық филиалы Саяси кеңесінің жаңа құрамын сайлау. Делегаттар күн тәртібіне сәйкес, партия филиалы Саяси кеңесінің жаңа құрамын сайлады. Кеңес құрамы 33 адам болса, оның 19-ы жаңа мүшелермен 58 пайызға жаңарды. Олардың 36 пайызы яғни, 12-сі нәзік жандылар, 21 пайызы  7-уі  жастар.

Жиында сондай-ақ, облыстық партия филиалы Саяси кеңесінің, Бақылау-тексеру комиссиясының 2019-2020 жылдары атқарған жұмыстарының есебі мен алдағы міндеттері тыңдалды. Атқарылған жұмыстар жөнінде есеп берген облыстық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ләйлә Төршеованың мәліметіне сүйенсек, бүгінде «Nur Otan» партиясының Қызылорда облысында 1 аймақтық, 11 аумақтық филиалына қарасты 239 бастауыш партия ұйымына біріктірілген 44 мыңнан астам партия мүшесі бар. Партияның ядросы болып табылатын бастауыш ұйымдардың рөлін көтеру мен оларды оңтайландыру мақсатында облыста бұрын 272 бастауыш партия ұйымы болса, қазір олардың 33-і қысқарып, 239 бастауыш ұйымына біріктірілген. Олардың 47%-ның жетекшілері қайта сайланған. Бастауыш ұйымдар төрағаларының 66%-ы аумақтық филиалдардың Саяси Кеңестер мүшелігіне, 40% Саяси кеңес Бюролары құрамдарына енгізілсе, оларға жетекшілік жасайтын мәслихат депутаттарының үлесі 1,98%-дан 16%-ға өскен.

Партия тарапынан қоғамда резонанс тудырған мәселелерге шұғыл әрекет ету жұмыстары да жаңа жолға қойылған. Мәселен, облыстық партия филиалының араласуымен  Жаңақорған кентінде орналасқан №28 «Алпамыс» санаторлық бөбекжай-бақшасындағы тұрмыстық, санитарлық жағдайы қайта қалыпқа келген, еңбек құқығы бұзылған «АГМ — Табыс» ЖШС-нің 328 қызметкері жұмыстарына қайта оралған, мекеме таратылып, 5 ай жалақысыз қалған облыстық балалар мен жасөспірімдерге арналған туберкулезге қарсы санаторий қызметкерлерінің айлық жалақылары өтеліп, Жаңақорған ауданының Байкенже ауылына таза ауыз су жеткізілген.

«Nur Otan» партиясының қоғамдық қабылдауларын тұрғындармен кері байланыстың және олардың  сеніммен бас тіреп келетін орны десек болады. Есепті мерзімде партия филиалдарының қоғамдық қабылдау бөлмелеріне азаматардан 17418 өтініш түсіп, олардың 11192 оң шешімін тапқан. Бұл жалпы түскен өтініштердің 64,2% құрайды.

Жалпы қоғамдық қабылдауға өтінішпен келушілердің 10%-ы 18-29 жас аралығындағы жастар, 55%-ы 30-44 жас,  24%-ы 45-60 жас, 6,7%-ы 61 және онан жоғары жастағылар. Көпбалалы және толық емес отбасылардан түскен өтініш-арыздар 34%-ды құраса, зейнеткерлер мен мүгедектер және мүгедекке теңестірілгендер — 16%-ын құрайды,- деді облыстық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ләйлә Төрешова.

Партия филиалының ақпараттық-идеологиялық жұмыстары да қарқынды жүргізілуде. Әрбір әлеуметтік топтардың мәселесін шешуге бағытталған партиялық жобалар да өзінің нәтижесін беруде. Атап айтасақ, «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында есепті мерзімде соғыс ардагерлері мен 3 мыңнан астам тыл ардагерлеріне қолдау көрсету жұмыстары жүргізілген. «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында мүмкіндігі шектеулі азаматтардың өмір сүру сапасын арттыру мен оларға қолайлы орта қалыптастыру мақсатында 800-ге жуық мекемеге мониторинг жасалып,олардың 50-не айыппұл салынған. «Бақытты отбасы» жобасы аясында республикада алғаш болып аудандық деңгейде Қызылорда облысының, Жаңақорған ауданында әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған, қиын жағдайға тап болған отбасыларға жан-жақты қолдау көрсетуге бағытталған «Бақытты отбасы» орталығы ашылған.

Жалпы жиында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, жерлесіміз Ғалым Әмреев, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің ректоры, қалалық мәслихат депутаты Бейбіткүл  Каримова, Сырдария аудандық «Тіршілік тынысы» газетінің бас редакторы, аудандық мәслихат депутаты Ақтөре Ибрагимұлы жарыс сөздерге шығып, Саяси кеңестің атқарған жұмысына оң бағасын беріп, алдағы жұмыстарына қолдау білдірді.

Комментарий