Жаңалықтар | Новости

Алматыда самокат пен мопедтер 29 рет жол апатына ұшыраған

Алматыда жыл басынан бері мопед пен самокаттар 29 рет жол апатына ұшыраған. Арнайы талдау негізінде қаладағы қауіпті 33 жер анықталды, – деп хабарлайды Рolisia.kz.

“Vision Zero бағдарламасы аясында жол апатын азайту үшін қалалық мобильділік басқармасымен бірге қауіпті учаскелер жаңартылады. Мысалы, сіз байқағанымыз бойынша, кейбір учаскелер мен қиылыстарда ерекше ашық қызыл, сары және тіпті вафли таңбалары қолданылады. Бұл жүргізушілердің назарын арттыру үшін жасалды”, – деді қалалық полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденов.

Полиция департаментінің мәліметінше, арнайы талдау негізінде қалада жол-көлік оқиғалары жиі болатын ең қауіпті 33 учаске анықталды.

Комментарий