Жаңалықтар | Новости

БҚО киіктердің жаппай қырылуы жөнінде

2021 жылдың 13 мамырында БҚО Жәнібек ауданының Тау ауылы маныңда 372 өлген киіктің өліктері (басым бөлігі аналық төшкелер) анықталды.
Оқиға орнына қажетті іс-шараларды жүргізу үшін шұғыл түрде Экология департаментінің, ҚР АШМ ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің инспекциясының, ветеринария басқармасының, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің және төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері тартылуда.
Киіктердің жаппай қырылу фактісі бойынша уәкілетті мемлекеттік органдармен жедел штабы құрылды.
Болжам бойынша киіктердің қырылу себептерінің бірі сол мекенде қолайсыз ауа-райына (нөсерлі жауын мен найзағай) байланысты болуы мүмкін. Себебі, ұшаларда найзағай разрядымен зақымдану іздері байқалады.
Құзырлы мемлекеттік органдардың зерттеу корытынды жұмыстары аяқталған соң нақты нәтижелері қосымша хабарланатын болады.

Комментарий