Жаңалықтар | Новости

Жаза өтеу тәртібін қаскөйлікпен бұзған сотталған адам түзеу мекемесіне жіберілді

Ағымдағы жылы Байқоңыр қалалық пробация қызметімен пробациялық бақылауға алынған 2 (екі) сотталушының жаза өтеу тәртібін қаскөйлікпен орындамағаны үшін жазалары бас бостандығынан айыру жазасымен ауыстырылды.

Мәселен, Қызылорда облысы Байқоңыр қалалық сотында Қызылорда қаласының №2 сотының 19.10.2020 жылғы қаулысымен Қазақстан Республикасы ҚК-нің 73-бабының 1 және 2-бөліктері бойынша бас бостандығынан айыру жазасының 1 (бір) жыл 3 (үш) ай 5 (бес) күн өтелмеген мерзімі нақ сол мерзімге бас бостандығын шектеу жазасына ауыстырылып, бас бостандығын шектеудің барлық тағайындалған мерзіміне пробациялық бақылау белгіленген К. есімді сотталғанның жаза өтеу тәртібін қаскөйлікпен бұзған дерегі қаралды.

Жаза өтеу тәртібін қаскөйлікпен бұзушылық деп – сотталушының пробация қызметіне хабарламай әкімшілік аумақтан шығуы, өзімен тәрбие жұмысын жүргізу үшін және тіркелуге бірнеше рет келмеуі, қылмыстық құқық бұзушылық жасауы, қоғамдық тәртіп пен имандылыққа қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылық жасауы танылады.

26.04.2021 жылы істі негізі бойынша қарау барысында прокурормен сотталғанның жазасын өзгерту туралы қорытынды берілді.

Осыған орай, К. есімді сотталғанның бас бостандығын шектеу жазасының өтелмеген бөлігі нақ сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылды.

Аталған қаулы 12.05.2021 жылы заңды күшіне енді.

Сотпен жүктелген міндеттерді орындау және жаза өтеу шарттарын сақтау әр сотталушының міндеті болып табылады.

Егер, бұл талаптар орындалмаған жағдайда, заң талаптарына сәйкес қатаң шаралар қолданылатындығы ескерілген жөн.

 

 

Байқоңыр қалалық пробация

қызметінің бастығы

әділет капитаны                                                                                       А. Танбаев

Комментарий