Жаңалықтар | НовостиСпорт

Дүние жүзінің ең табысты спортшысы кім?

UFC жұлдызы Конор Макгрегор Forbes нұсқасы бойынша дүние жүзінде ең табысты спортшылар рейтингінде көш бастады, – деп хабарлайды Vesti.kz.

Ирландиялық файтердің кейінгі жылы тапқан табысы 180 миллион долларға бағаланды. Рейтингтегі екінші орында “Барселона” мен Аргентина құрамасының шабуылшысы Лионель Месси тұр – 130 миллион доллар. Сондай-ақ үздік үштікке “Ювентус” пен Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду кірді – 120 миллион доллар.

Макгрегор жылдық табысының көп бөлігін өзінің виски брендін сатудан тапқан. Ал екі футболшының да негізгі табысы – жарнамалық келісімшарттар.

Жылдың ең табысты ТОП-10 спортшысы:

1. Конор Макгрегор (ММА, UFC) – 180 миллион доллар.
2. Лионель Месси (“Барселона”, футбол) – 130 миллион доллар.
3. Криштиану Роналду (“Ювентус”, футбол) – 120 миллион доллар.
4. Дак Прескотт (“Даллас Ковбойс”, америкалық футбол) – 100 миллион доллар.
5. Леброн Джеймс (“Лос-Анджелес Лейкерс”, баскетбол) – 96,5 миллион доллар.
6. Неймар (ПСЖ, футбол) – 95 миллион доллар.
7. Роджер Федерер (теннис) – 90 миллион доллар.
8. Льюис Хэмилтон (“Мерседес”, “Формула-1”) – 82 миллион доллар.
9. Том Брэди (“Тампа-Бэй Бакканирс”, америкалық футбол) – 76 миллион доллар.
10. Кевин Дюрант (“Бруклин Нетс”, баскетбол) – 75 миллион доллар.

Комментарий