Жаңалықтар | НовостиҚұқық | Право

Қақпадағы кездесу

Алматы облысы бойынша ҚАЖД қарасты ЛА-155/8 мекемесінде “Қақпадағы кездесу” іс-шарасы ұйымдастырылды. Оған жергілікті пробация қызметі және Қапшағай қаласының жұмыспен қамту орталығының бөлім өкілдері шақырылды. Жобаға қатысушылардың міндеті – бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға әлеуметтік көмек көрсету болды, Нақтылап  айтқанда, еңбекке тарту  және  тұрмыстық жағдай жасау, сондай-ақ уақытша оқшауланған азаматтың қалыпты қоғамға бейімделуіне ықпал ететін психологиялық көмек көрсетілді.

 

“Сотталғандардың туыстары  жақындарымен қуана  кездесіп, әкімшілік қызметкерлерінің  көрсеткен гуманизм мен түсіністік үшін алғыс білдірді. Осыған қарамастан, босату рәсімі жұмыс режимінде өтті”, – деп атап өтті, ЛА-155/8 мекеме бастығы Вилорий КИМ.

 

Өз кезегінде пробация қызметінің өкілі Алматы облысы бойынша пробация қызметіне басшылық ету бөлімі бастығы Рашид Ержігітов  босатылғандарды алдағы уақытта осындай қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтарға жол бермеу туралы ескерте келіп :

 

“Қақпадағы кездесу- әлеуметтік жобасы бас бостандығынан айыру орындарынан босағандарды дұрыс жолға бағыттауға  көмектеседі. Мұндай тәжірибе әлемнің көптеген елдерінде бар, ол бас бостандығынан айырылған азаматтардың санын азайтуға мүмкіндік береді”, – деді,

Алматы облысы бойынша ҚАЖД.

Комментарий