Жаңалықтар | Новости

Энергетика министірлігі Қанат Бозымбаевқа қатысты жол-көлік оқиғасы туралы қауестке жауап берді Т

Энергетика министрлігі Қанат Бозымбаевтың қатысуымен болған жол-көлік оқиғасы туралы ақпаратқа түсініктеме берді, – деп хабарлайды/Тengrinews.kz тілшісі.

Министрдің баспасөз хатшысы Нұрлыбек Жеңісбек, бір радиостанция эфирінде Энергетика министрі Қанат Бозымбаев жол-көлік апатына ұшырады деген жаңсақ жаңалықты таратқанын айтты. “Энергетика министрлігі ресми мәлімдейді: бұл жалған ақпарат. Қазіргі кезде Энергетика министрі өз жұмыс орнында өзінің тікелей функционалдық міндеттерін және ел басшылығының тапсырмаларын орындап жатыр”, – деп жазды Нұрлыбек Жеңісбек.

Комментарий