Жаңалықтар | НовостиСудья мінбері | Судебная система

Некелік қатынастары туралы

Отбасы дегеніміз-адамдардың туыстық қатынаста бірлесіп өмір сүретін жанұялық орта болып табылады. Балалар тәрбиесін жүзеге асырып, басқа да қоғамдық тұрғыдан мәнді қажеттіліктерді қанағаттандыратын некелік немесе туыстық қатынастармен байланысқан адамдар тобы.

Отбасы-адам үшін ең жақын әлеуметтік орта.

Заң тұрғысынан алғанда, некенің бұзылуы дегеніміз – жұбайлардың арасындағы мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастардың тоқтатылуы. Бұл ерлі-зайыптылардың арасындағы құқықтық қарым-қатынастардың  тоқталғанын білдіреді.

Некені тоқтату мынадай жағдайларда жүргізіледі: 1. Жұбайлардың біреуінің қайтыс болуына байланысты, 2. Жұбайлардың біреуін сот тәртібімен хабар-ошарсыз кетті деп танығанда.

Некені сот тәртібімен бұзу: ерлі –зайыптылардың: 1.кәмелеттік жасқа толмаған ортақ балалары болса; 2. Жұбайлардың біреуі некені бұзуға келісім бермесе; 3. Ерлі зайыптылардың біреуі некені бұзуға қарсы болмаса, бірақ өз әрекеті немесе әрекетсіздігі арқылы некені бұзудан жалтарса.

Некенің жарамсыздығы дегеніміз –некеге тұрғаннан бастап пайда болған барлық құқықтық салдарды жою. Некенің күшін жоюдың мәнісі мұндай неке бұрын-сонды болмаған деп танылады, ешкімге құқықтар мен міндеттер жүктелінбейді.

Қазіргі таңда жастар арасында ажырасу көп. Ажырасудың себептері: жұмыссыздық, ішімдіке салыну, мінездері келіспеуіне байланысты, жаңа отбасының пайда болуы.

Қазақта «Ұяда не көрсең ұшқанда, соны ілерсің», «Ата көрген, оқ жонар, шеше көрген тон пішер», «Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» деген көптеген өлшемдер бар. Осы өлшемдерге қарайтын болсақ, бар мәселе отбасынан басталатының ұғуға болады.

Ертеңгі өмірдің болашағы – ұрпақтар. Оларға тәрбиенің мәнділігін, оның қаншалықты маңызды екендігін үнемі түсіндіру қажет.

Отбасылық құңдылықтарды қастерлеп, оларға кір келтірмеу жүру- барша халықтың басты парызы.

2021 жылдың 4 айында сотқа неке  бұзу туралы 16 талап арыз (жалпы түскен арыздардан 38,1 % ), (2020 жылы – 12 талап арыз), ұқсас кезеңмен 4 талапқа артық (25,0%). 1 талап арыз есеп кезеннің басына қалған қалдық, өндіріске 15 талап арыз қабылданды. 2 талап арыз-қайтарылды. 11 іс шешім шығарумен қаралды, бір іс дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімнің бекітілуіне байланысты тоқтатылды, 2 іс бойынша талап арыздар қараусыз қалдырылды (2020 жылы  8 іс шешім шығарумен, 2 дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімнің бекітілуіне байланысты тоқтатылды).

Талдау кезеңнің аяғына – 4 іс.

Сот өндірісіне қабылдамастан бұрын 15 талап арыз бойынша судья-татуластырушымен татуластыру рәсімдері өткізілді,  нәтижесінде 1 талап арыз бойынша дау сот медиациясы тәртібімен шешілді, сәйкесінше көрсетілген талап арыздар бойынша іс жүргізу тоқтатылды (2020 жылы медиация тәртібімен 2іс өндірістен тоқтатылды). Кәмелет жасына толмаған балдары жоқ бойынша 2 талап арыз, істер аяқталған жоқ.

Пандемияға байланысты істердің бәрі онлайн режимінде қаралды.

2018 жылы Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соттың төрағасы Ж.ҚАсанов сот жүйесінің әрі қарай дамуына жаңа серпін берген «Сот жүйесінің жеті түйіні» жобасын ұсынды.

Аталған жоба сот жүйесін әрі қарай жетілдіруге бағытталған 7 басым бағыттардан тұрады.

Жобаның бір бағыты болып табылатын «Татуласу: сотқа дейін,сотта», жобаның мақсаты-халықтың санасын өзгертіп, қоғамдағы даукестіктің деңгейін төмендету және дауларды келісім арқылы тиімді шешу мүмкіндіктерін жоғарлату.

Жоба бойынша кешенді жұмыстар нәтижесінде дауларды шешідің мәдениеті қалыптасады, моральдық және материалдық шығындар азаяды; даукестіктің деңгейі төмендейді және құқық бұзушылықтың алдын алуға болады.

Жобаның бір бағыты болып табылатын «Татуласу: сотқа дейін,сотта» шеңберінде Жәнібек ауданының 9 ауылдық округінде Билер кеңестері құрылды. Жәнібек ауданы орталығында «Татуласу орталығы» ашылды. Татуластыру орталықтарында қаралатын даулардың басым бөлігін отбасылық, неке, жер даулары, еңбек шарттары мен басқа да келісім шарттардан туындайтын даулар құрайды.

Жәнібек аудандық сотында «Татуластыру кабинеті» бар.

Қазақ ежелден ұлттық әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлерін берік ұстанған, рухани құндылықтарын ұлықтаған халық. Кезінде билер институты, ақсақалдар алқасы болған, шет шыққанды шеттетпеген, тентекті түзей білген ел ретінде Билер кеңесінің болу өте маңызды.

 

 

Жәнібек аудандық сотының

кеңсе меңгерушісі                                       А.Салихова

Комментарий