Жаңалықтар | Новости

2026 жылы Байқоңырдан «Протон» зымырандарын ұшыру тоқтатылады

2026 жылы Байқоңырдан «Протон» зымыран-тасығышын ұшыру тоқтатылады. Бұл туралы цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«2016 жылы (Ресей — авт.ескерт.) жыл сайын «Протон» зымыран-тасығыштарын бес реттен артық ұшырмайтыны туралы келсім жасалған және ол 2026 жылға қарай мүлде тоқтатылады», — деді Мусин мәжілістің жалпы отырысында.

Ол Ресей 2020 жылы Байқоңырдан «Протон» зымыран-тасығышын тек бір рет ұшырғанын, ал 2021 жылға арналған ұшыру жоспары әлі алынбағанын айтты.

Комментарий