Жаңалықтар | Новости

Қазақстанда 6 өңір “қызыл” аймақта

Денсаулық сақтау министрлігі коронавирустың таралуы бойынша “қызыл”, “сары” және “жасыл” аймақтар туралы ақпарат жаңартты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

12 мамырдағы жағдай бойынша, Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы:

“Қызыл” аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар облыстары.


“Сары” аймақта: Шымкент қаласы, Алматы, Атырау, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстары.

“Жасыл” аймақта: Жамбыл, Маңғыстау, Түркістан, Қостанай, Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстары.

 

Комментарий