Жаңалықтар | Новости

Қос қанаттылар туралы көп білетін сотталған, құс ұясын жасады

Әуезді сайрағыштығы мен сымбатты да, сұлу алуан түрлі сыртқы бейнесімен төңірегіміздің сәнін келтіріп жүрген құстар әлемі өзінше бір ғажап құбылыс. Сол ғажап әлемнің кереметіне жастайынан қызығып, қос қанаттылар туралы көп оқып, танып білуге құмар С.есімді сотталған азамат, бүгінде ЗК-169/1 мекемесінде жазасын өтеуде.

-Құстар әлемін танып, білуге мен бала кезімнен құмармын. Сондықтан кейде, шаруашылық бөліміндегі жұмыстарымды аяқтаған соң, мекеменің арнайы ғимаратында орналасқан кітапханаға барып, құстар тақырыбындағы шығармаларды алып оқимын. Жақында ғана, көркемдік төресі-тауыстың әсемдігі, оның желдеткіш секілді қанаттары мен жамбас тұсында орналасқан қауырсынында екені жайында танып білдім. Ал көл қорыған қызғыш құс тыныштық бұзылса, « қыз-ғы, қыз-ғы» деп шу көтереді екен.-деп оқығанымен бөлісті.

Сондай-ақ, әлемде 8600-ге жуық құс түрі болса, елімізде соның 489 түрі мекендейді екен. Ал, « Қызыл кітапқа» 56 түрі енгізілген. Қорғауға ілінген бұл құстардың санының азайып бара жатқанына әрине ашкөз адамдар да кінәлі. Сондықтан мен, табиғат санитарларын қорғауға шақырамын. Олардың саябақта үйірліп, сайрап, төңірегіндегілерге қуаныш сыйлауын қалаймын. Сол себепті де, шаруашылық бөлімінде жұмыс жасап жүргенде ағаш қалдықтарынан құс ұясын жасадым. Жылы жер Қызылордаға ұшып келіп жатқан құстардың қанаты талған сәттерде, сая болар мекен болсын деген ниетпен жасадым бұны-деп үйшікті өз қолымен жатақана ауласындағы көрнекті жерге іліп қойды.

– Жаза мерзімін өтеуші, азаматтың қарапайым ғана бұл ісі, оның бойындағы адамгершілік қастеттерінің артуына сеп болып, табиғатқа деген жанашырлығынан туындағаны анық. Сонымен қатар, түзелу жолына бет алар тәрбиелілік ықпалы да зор –дейді мекеме бастығының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, әділет майоры Қ.Олжабаев.

Комментарий