Қоғам | Общество

Кредиттер мен өсімақыларды кешіруге 105 млрд теңге жұмсалады

Несиелерді жабуға байланысты барлық процедураларға кемінде екі ай уақыт қажет болады.

Көпбалалы және тұрмысы төмен отбасылардың төлей алмай отырған кредиттерін, сондай-ақ кепілсіз кредиттерді кешіру үшін шамамен 105 млрд теңге қажет болады. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары – Қазақстанның қаржы министрі Әлихан Смайылов мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

– Кепілсіз тұтынушылық несиелерді өтеу сомасына келсек, шамамен 105 млрд теңге қажет болады. Оның 88,5 млрд теңгесін республикалық бюджеттен бөлеміз, – деді Смайылов.

Шамамен 17 млрд теңге проблемалық кредиттер қорынан арнайы облигациялар шығару арқылы тартылмақ.

– Өсімақылар мен айыппұлдардың 70 пайызы банктердің өз есебінен жабылады, – деп нақтылады министр.

Жалпы алғанда, кредиттік амнистия шамамен 500 мың адамға жасалмақ. Тұтынушылық несиесі бар 250 азаматтың қарызы толықтай кешіріледі.

Комментарий