Жаңалықтар | Новости

Мен өзбекпін және Қазақстанымның патриотымын – Әлішер Кәрімов

Отандық эстрада жұлдызы Әлішер Кәрімов желіде оқырмандарына барынша ашылып, көпшілік көкейінде жүрген бірқатар сұраққа жауап берді. Ол Қазақстанның нағыз патриоты екенін мәлімдеді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Әлішер Кәрімов қалың көпшілікті қызықтырған сұраққа Instagram парақшасында жауап берген. “Өзге елдің инста оқырмандарым менің ұлтым туралы жиі сұрайды. Ұлтым – өзбек! Тараз қаласында туып өскенмін. Және де туған жерімнің, Қазақстанымның үлкен патриотымын”, – деп жазды ол.

Өнер иесінің бұл жазбасы желідегілердің жылы лебізіне ие болған. Олар шоу-бизнес жұлдызының еліне деген асқан махаббаттына тәнті болып, оған мақтау сөздерін жаудырды.

“Кім болсаң да қазақ елінің мақтанышысың. Қазақ сахнасындағы нағыз сырбаз әнші, Мінезің, келбетің, дауысың тек сахнада тұруға ғана лайықты! Әлішер Кәрімов—қазақ сахнасына сіңіп кеткен Әлемдік деңгейдегі талант”, “Әлішер ұлтың өзбек болса да қазақша сөйлейтініңізге риза боламын. Өнердің биігінде бол. Нағыз талантты әрі мықты әнші ретінде өнеріңізді бағалаймын”, “Киелі Тараздың атын шығарып жүрген сізге мың алғыс! Елімізді сыйлап, қазақша сөйлеп жүргеніңізге алғыс! Алла берген талант”, – деп жазуда халық.

Комментарий