Жаңалықтар | Новости

COVID-19: Әуежай мен теміржол вокзалына кіру тәртібі өзгерді

Көліктегі Бас мемлекеттік санитар дәрігерінің 11 мамырдағы қаулысына сәйкес әуежай мен теміржол вокзалына кіру тәртібі өзгерді.

Коронавирустың таралуы бойынша “қызыл” аймақтағы өңірлерде, Ashyq жобасына қатыспайтын әуежайлардың ғимараттарына күтіп алушылар және шығарып салушыларды кіргізу шектелетін болды. Қаулыда мұндай шектеу теміржол вокзалдарына да қойылатыны сөз етілген.

“Тәуекелі жоғары қауіпті (қызыл аймақ) өңірлерде, Ashyq жобасына қатысатын вокзалдарды қоспағанда, күтіп алушылар және шығарып салушыларды теміржол вокзалдары ғимараттарына кіргізуді шектеуді қамтамасыз етсін”, – делінген қаулыда.

Қаулы қол қойылған күннен, яғни 11 мамырдан бастап өз күшіне енетіні жазылған.

Комментарий