Жаңалықтар | Новости

Офицерлер анасының мерейі асқақақтаған күн

Алып анадан туылады деген кез-келген азаматтың өмірден өз орнын тауып, биік белестерді бағындыруына ақ сүт берген ана тәрбиесінің рөлі зор. Сондықтан, әр азамат саналы түрде, өз жетістіктері үшін алдымен анаға қарыздар. Сондай азаматардың біразы, темірдей қатаң тергеу изоляторының тәртібіне төзіп, тер төгіп еңбек етіп жүрген ҚАЖ саласының майталман мамандары . Ана алдындағы қарызы мен парызын өтеудің бір түрі деп таныған шенділер, «Офицер анасы» деген медальға тапсырыс беріп, ардақты жандарының мерейін үстем етті.

– Менің қызым , әділет аға лейтенанты Динара Шахи бүгінгі таңда ЗК-169/1 мемлекеттік мекемесінде кадр саясат тобының аға инспекторы болып жұмыс жасайды. Ол, бала кезінен өжет, пысық болып өсті. Қыз бала болса да, құқық қорғау органдарында жұмыс істеуді қалады. Үздік оқушы, алғыр студент болды. Әкесі екеуіміз өзі қалаған мамандық иесі болуына шек қоймадық. Өзі ұнатқан жұмыс болғандықтан қызметінің қыйындығына қарамай, белсене еңбек етуде .

– Ия, анам, Баян Жандосқызы мені әрдайым қолдап, дұрыс бағыт, тәлімді тәрбие берді. Менің жетістігім, ата-анамның үлгі –өнегесінен деп білемін. Сондықтан, бүгінгі шыққан белесім үшін анама алғысымды білдіру мақсатында, « Офицердің анасы » деген медаль алуға тапсырыс бердім. Анамның мәртебесін көтеріп, қуаныш сыйлағым келді- дейді , Динара.

Келесі бір қызметкеріміз, әділет майоры Қаратаев Мұсабек. Ол мекеме бастығының кезекші көмекшісінің орынбасары болып тағайындалған. Кезекті аусым уақытындағы барлық атқарылған жұмысқа жауапты. Күн-түн демей кезекшілікке түскенде, қауырт жұмыс жасайды.

-Кей күндері жүйкеге салмақ түсіп, үйге шаршап барамын. Сондай сәттерде, отбасымның берекесі анам мен жарым бар жағдайымды жасап отырады. Анама деген құрметімді білдіріп, медаль алуға ұсыныс жасадым. Бұл,ісім арқылы әрі балаларыма үлгі-өнеге көрсеттім деп білемін.

-Мен « Офицердің анасы» болғанымды мақтаныш тұтамын. Ұлымның өсіп-өнгені мен үшін мәртебе. Мерейімді өсірген бүгінгі сыйлығына дән-ризамын -деді, қуаныштан көзіне жас алып, тебіренген ақ жаулықты анасы, Ашимова Асия .

Әділет лейтенанты Ақбай Рамазан атасы Иманбаев Ақбай отставкадағы майор. ҚАЖ саласында еңбегі сіңген зейнеткер. Айбынды атасының

көрегенді үлгісімен өскен Рамазан тергеу изоляторының Жедел бөлімінде жедел уәкіл міндетін атқарып жүр. Үлкенді сыйлау, тиісті дәрежеде құрмет көрсету деген қасиеттер бойына анасының ақ сүтімен сіңген. Жанұя жылулығын сақтап отырған анасының кеудесіне медаль тағып, көңілін көркейтті. Отбасының тұңғышы болғандықтан өзінен кейінгі бауырларына көрсеткен бұл сыйлығы ҚАЖ қызметкерінің мәртебесін асқақтатқаны анық.

Осылайша, бұл күні кадр саясат тобының ұйымдастыруымен, мекеме бастығы, әділет подполковнигі А.Т.Тасқараевтан бастап, барлығы 13 қызметкердің қадірлісіне «Офицер анасы» медалі тапсырылды.

Комментарий