Жаңалықтар | Новости

Пробация есебіндегі азаматтарға түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Сырдария аудандық пробация қызметінің есебіндегі жастардың қоғамға деген оң көзқарасын қалыптастыру мақсатында пробация қызметкерлері мен  аудандық «Жастар ресурстық орталығының» маманы Баджанова Динара Мұратбекқызы жастардың үйлерін аралады. Тексеру барысында пробация қызметкерлері сотталғандардың ата-аналарымен әлеуметтік-құқықтық көмек бойынша ашық сұхбат жүргізіліп, жаза өтеу тәртібін бұзбау, қайта қылмыс жасамау керектігі ескертілді. Есептегі жастар тиісті сала қызметкерлеріне өз сұрақтарын қойып, ойларында жүрген сұрақтарына жауаптарын алды.

«Аудандық жастар ресурстық орталығы осыған дейін пробация қызметі тарапынан өткізілетін іс-шараларға белсенді қатысып, тұрмыс жағдайы төмен отбасыларға көмек көрсетіп келеді. Жыл басынан аудандық пробация қызметінің есебінен 53 қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жаза түрлеріне сотталғандар өткен. Осы сотталғандардың 14-і пробация есебінен шығарылған. Атап айтқанда 3 сотталған түзеу мекемесіне кері қайтарылса, 7 сотталған жазасын өтеуі бойынша есептен шығарылса, 1 сотталған жазасын өтеуден мерзімінен бұрын шартты түрде босатылған. Қазіргі таңда 39-сотталған есепте тұрады. Есепте тұрған барлық сотталғандарға медициналық, психологиялық, заңгерлік көмектер толығымен көрсетілген. Алдағы уақытта осындай әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету бойынша игі бастамалар өз жалғасын табатын болады»,- дедеі аудандық пробация қызметінің аға инспекторы әділет капитаны А.Сақыбеков

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

Комментарий