Жаңалықтар | Новости

Татарстан президенті мектептегі атысқа қатысты мәлімдеме жасады

Татарстан президенті Рустам Минниханов Қазан қаласындағы мектепте болған төтенше жағдайға қытысты мәлімдеме жасады, — деп хабарлайды РИА Новости.

Ол жеті 8 сынып оқушысы отыс салдарынан қаза тапқанын және тағы 16 адам ауруханаға жатқызылғанын растады.

Кейін Татарстан басшысының баспасөз қызметі өкілдері жеті оқушыдан басқа бір мұғалім қайтыс болғанын мәлімдеді. Сондай-ақ, 20 адам зардап шекені туралы мәлімет бар.

Миннихановтың айтуынша, Қазан мектебінде атыс шағарған адам 19 жаста. Оның жанындағы көмекшісі әлі анықталған жоқ, тергеу амалдары жүріп жатыр.

«Террорист қамауға алынды. 19 жаста. Оған ресми түрде қару тіркелген», — деді Минниханов.

Республика басшысы мектепке, сондай-ақ қаза тапқандар мен зардап шеккендердің отбасыларына көмек көрсетілетінін айтты.

Бейресми мәліметке сүйенсек, Төтенше жағдайлар қызметінің өкілі 11 адам қаза тапқанын айтқан. Қазіргі уақытта ақпарат толық расталмаған.

Айта кетейік, бұған дейін Татарстан астанасында белгісіз біреулер Файзи көшесіндегі № 175 гимназияда атыс шығарғаны хабарланған еді. Кейін куәгерлер түсірген суреттер мен видео Желіде жарияланды.

Комментарий