Жаңалықтар | Новости

Қырғызстаннан жеткізілген құтырған жануар еті қазақстандықтарды шошытты

WhatsApp мессенджерінде Қырғызстаннан құтырған жануар еті жеткізілгені туралы видео тарап жатыр, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Stopfake.kz басылымына сілтеме жасап.

Ақпаратты Ауыл шаруашылығы министрлігі жоққа шығарды. Ведомство мәліметі бойынша, Қазақстанға ауру жұқтырған жануар еті әкелінбеген.

“Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Өйткені Қырғызстаннан ет өнімдерін өткізуге шектеу енгізілген. Шектеу республикадағы жануарлар арасында қауіпті ауру тарап жатқанына байланысты қабылданды. Етті контрабандалық жолмен тасымалдау әрекеті ресми расталған жағдайда, мемлекеттік шекараның Қазақстан-Қырғыз учаскесінде бақылауды күшейту бойынша шаралар қабылданады, – делінген ведомство жауабында.

Комментарий