Жаңалықтар | Новости

Мерекелік шара өтті

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде ” 7 мамыр- Отан қорғаушылар күні” мен ” 9мамыр -Жеңіс күні” мерекесі қарсаңында салтанатты шара өтті. Барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып өткен шараға ҚАЖ ардагерлері, жеке құрам қызметкерлері және қызметкерлердің аналары қатысты.

Салтанатты шараны департамент бастығы әділет подполковнигі Есенкелдиев Шаймерден Тәжіқұлұлы ашты. Бұл мереке әр кезде де батылдық пен ерліктің, қаһармандықтың символы, Отанға деген сүйіспеншілік пен адалдықтың өлшемі. Туған елдің тәуелсіздігі мен бостандығы үшін жанын қиған ағаларымыздың ардақты ісін мәңгі есте сақтап,құрмет көрсету біздің азаматтық парызымыз. Батырлық пен жанқиярлықтың жарқын үлгісін көрсеткен ардагерлер мен тыл ардагерлеріне зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тілеймін деді Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің бастығы әділет подполковнигі Есенкелдиев Шаймерден Тәжіқұлұлы.
Салтанатты шарада Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е.Тұрғымбаевтың құттықтау хаты оқылды. Шара барысында қызметтегі жақсы жетістіктері мен қызметтік міндеттерін адал атқарып жүрген бірқатар қызметкерлер ҚР Ішкі істер министрінің құзырымен, ҚАЖ комитеті төрағасының және ҚАЖД бастығының бұйрығымен марапатталды.Шара одан әрі полиция қызметкерлерін дүниеге әкеліп, тәлім-тәрбие беріп өсірген аналарды ұлықтау рәсіміне ұласты.Департамент бастығы аналардың кеудесіне “Офицер анасы’ медалін тағып,алғысын білдіріп,гүл шоқтарын табыстады. Бүгінгі мерекеден әсер алған аналар мерейін өсіріп,құрмет көрсеткен департамент басшылығына жылы лебіздерін білдіріп, өлең жолдарын арнады

Комментарий