Жаңалықтар | Новости

ЗК-169/1 мекемесінде “ҰЛЫ ЖЕҢІС_ҰРПАҚҚА ҰЛАҒАТ” атты жылжымалы көрмесі өтті

Отан үшін отқа түс күймейсің, халық қаһарманы Б.Момышұлы бабамыздың осы бір сөзі керемет айтылған.
Расында, Ұлы Отан соғысы жеңісіне 76 жыл болса да,сол от пен оққа оранған соғыста қаза тапқан ата-бабаларымыздың ерлігі өшпей, бүгінгі ұрпаққа үлгі-өнеге.
Олардың қиян-кескі майдандағы көрсеткен табандылығы, ержүректілігі, тіптен пайдаланған заттарының өзі, соғыс көрмеген ұрпақ үшін, ерекше қасиетті қадір тұтарлық дүние.
Бүгінгі тәуелсіз елдің ұландары соғысты көрмеді,алайда сол сұрапыл жылдардың ширегіндегі әлемді музейлерден танып, біліп отырады.
Міне, сондықтан да, ЗК-169/1 мекемесінің жеке құрам қызметкерлері бойында патриоттық, отансүйгіштік қасиеттерді арттыру мақсатында, 9-мамыр Жеңіс күніне орай,” Ерлікке тағзым” атты іс-шарасы өтті. Шара аясында, кадр саясат тобы ның ұйымдастырумен, жеке құрамның бір топ жігіттері облыстық өлкетану музейіне барып, отты жылдар шежіресімен танысып қайтты. Музей қызметкерлері оларға “ҰЛЫ ЖЕҢІС_ҰРПАҚҚА ҰЛАҒАТ” атты жылжымамалы көрмесін ұсынды.Бұл көрмеде олар сарбаздардың туыстарына жазған үшбу хаттарын, қару-жарақ, пайдаланған ыдыстары, тіптен киген киімдерін көріп тамашалады. Олардың әрқайсысы, отан үшін от кешкен азаматтардың пайдаланған заттары. Осы құнды дүниелерді көзімен көріп,қолымен ұстап жеке құрам жігіттері тамаша әсер алды. Рухты дүниелердің сырына қанық болып, елге, жерге деген сүйіспеншілігі артқаны анық.
Бұдан соң, екінші топ қан майданда қаза болған жандардың рухына арналған “МӘҢГІЛІК АЛАУҒА” барып, тағзым етіп, гүл шоқтарын қойды.
Ешкім де, ештеңе де ұмыт қалмайды.

Комментарий