Жаңалықтар | Новости

«Соғыстан бейбітшілікке» атты сурет байқауы өтті

Ұлы Отан соғысының Жеңіс күнін мерекелеуге арналған Қылмыстық – атқару жүйесі қызметкерлерінің балалары арасында «Соғыстан бейбітшілікке» атты сурет байқауы өтті.

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық – атқару жүйесінің ОВ-156/15 мекеме қызметкерлерінің балаларынан аталған байқауға жиырмадан астам сурет жұмыстары ұсынылды. Барлығы акварельмен және қарындашпен салынған. Қатысушылардың әртүрлі жастарына қарамастан, барлығының ұсынылған жұмыстары бейбіт аспан және бүкіл әлемдегі бейбітшілік атты бір ұғымды біріктірді.​ Олар өздерінің шығармашылық жұмыстарында Жеңіс күнін, сондай-ақ ардагерлерді, сарбаздарды және соғыс уақытындағы адамдарды бейнелей алды. Жаста, талантты балалардың барлық суреттері Отанның қорғаған және өмір сыйлаған аталары мен арғы аталарына өз тарихына деген сүйіспеншілігімен толтырылған.

«Біз Жеңістің үлкен қиыншылықтармен келгенін білеміз және бұл жадымызды жас ұрпағымызға жеткіземіз. Мұндай іс-шаралар балаларға патриоттық тәрбие беруге, Отан мақтанышын дамытуға бағытталған. Қатысқан әрбір бала біз үшін жеңімпаз болып табылады, өйткені кез-келген балаға қатысу – бұл тек мектепте ғана емес, ата-анасының қызмет істейтін жерінде де өзін көрсетуге бағытталған қадам. Көрмеге белсенді қатысқан барлық балалар мен ата-аналарға алғыс айтамын»,- дейді мекеме бастығы Роллан Жумажанов.

Байқау соңында қатысқан балаларға сыйлықтар, ал сурет байқауының жеңімпаздары мақтау қағаздарымен марапатталды.

Комментарий