Жаңалықтар | Новости

Ұлы Отан соғысымен және Жапон соғысына қатысқан Наил атамыз!

Ешкімде ұмытылмайды, ешнәрсе де ұмытылмақ емес!

9-мамыр – бұл мереке ғана емес, бұл ауыр еңбек, бұл халықтың батырлығы. Біздің аталарымыз бен әкелеріміздің батырлықтары мен жанқиярлықтары, олардың өз Отанына деген шексіз сүйіспеншіліктері Қазақстанның бүгінгі жауынгерлері үшін мақтан тұтарлық үлгі ғана емес, бұл-бірнеше ұрпақты байланыстыратын қоғамның рухани дамуы мен ұлттық қайта өрлеуінің жоғары адамгершілік негізі.
Жеңіс күні-абыройымыз бен даңқымыздың мерекесі. Табандылық пен ерлік, Отанға деген сүйіспеншілік қатал соғыста Жеңіске жеткізді.
Ұлы Жеңіс күнін атап өтуге байланысты бүгінде қатары сиреп қалған ардагердің бірі Загидуллин Наил Гашигуловичке кұрмет көрсетү үшін  Жарма ауданының Қалбатау ауылына арнайы кездесуге бардық. Наил Гашигулович 01 қаңтар 1926 жылы Кобалай ауылы Буин ауданы Татар Республикасында дүниеге келген, 1943 жылы 18 жасында майданға кетіп 1945 жылы Ұлы Отан соғысы аяқталғаннан кейін Жапон соғысында мадандасуды жалғастырып тек 1950 жылы еліне оралған. Майдан даласындағы кескілескен ұрыстар туралы ардагер айтқан естеліктерді ұйып тыңдадық, соғыстан кейінгі қираған халық шаруашылығын көтеруге қатысқан жанқиярлық еңбектері туралы естіп білдік.  Наил атамыз ІІ-ші дәрежелік Соғыс отандық медалімен марапатталған.
Жасы 95 келген ардагеріміз мекеме бастығына қазіргі кезде денсаулығымен жасына қарамастан үй шаруашылығын әлі де өзі жүргізуге мүмкіншілігім бар екендігін  айтты.
«Осылай үйге келіп құттықтап, ыстық лебіздеріңізбен сыйлықтарыңызға көп рахмет! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болғай- деп атамыз  батасын берді»!
Ал тыл еңбеккерлерді қалай ұмытамыз, Жарма ауданы Жаңғызтобе кентінде тұратын Тыл еңбеккері Белугина Зоя Даниловна 1936 жылы Новосібір облысында  дүниеге келген. Қазақстан Республикасына 1937 жылы қоныс ауыстырған. Балалық шағында  соғыс кезеңінде жастығына қарамастан ауыр еңбек етіп тыл еңбеккері атанған.  Былтыр  Ресей  Федерация Президентінің ұсынуы бойынша  Жеңіс күнінің 75 жылдығына орай медалімен марапатталған.
«Биыл 9 мамырда Ұлы Жеңістің 76 жылдығы аталып өтуде. Бұл мереке әр отбасына әлі де ыстық, өйткені соғысқа қатысып, жеңіспен оралып, немесе ерлікпен қаза тапқан, оралмаған ата –әжелеріміз қаншама.
Тарихта жазылған мәліметке қарасақ Қазақстаннан 1941-1945 жылдары майданға 1,5 миллион ұл мен қыз аттаныпты, 600 мыңнан астам қазақстандықтар соғыстан оралмады….бұл ұмытпас өмір тарихы.
Қан майдан, сұрапыл соғыс жылдарында «Отан үшін отқа түс, күймейсің»-деген ұранмен шайқасқан, бүгінгі күні санаулы қалған ардагерлеріміздің ерліктеріне бас иіп, құрмет көрсету бүгінгі мен келер ұрпақтың өтелмес парызы» – деп сөз алды мекеме бастығы Жаксылық Саматұлы Алтаев.

Комментарий