Жаңалықтар | Новости

Қазақстанда коронавирус белгілері бар пневмонияға шалдыққандар көбейді

Қазақстанда кейінгі тәулікте COVID-19 белгілері бар пневмонияның 119 жағдайы тіркелді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

8 мамырдағы мәлімет бойынша, 42 695 адам коронавирус инфекциясынан (42 188 КВИ+ және 507 КВИ-) емделіп жатыр, олардың ішінде 14 656 пациент стационарда, 28 039 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

• 803 адамның жағдайы ауыр,
• 174 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• 106 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

COVID-19 белгілері бар пневмониямен сырқаттанушылар жөніндегі дерек

6-мамырдағы жағдай бойынша, коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 119 жағдайы тіркелді, 83 адам емделіп шықты.

Айта кетейік, 5 мамырда коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 101 жағдайы тіркелген болатын, ол кезде 6 адам қайтыс болды.

2020 жылдың 1 тамызынан бастап: ауырғандар – 53 519, 829 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны – 52 183.

Комментарий